Аймақтар • 19 Маусым, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздары  ант қабылдады

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемгі шақырылым науқанында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған 100-ге жуық жас сарбазр әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздары  ант қабылдады

Атырау қаласындағы 41433 және Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімдерінде 100-ге жуық жас сарбаз, алғашқы әскери дайындығын аяқтап салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Салтанатты әскери ант қабылдау рәсіміне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері шақырылып, сарбаздарға өздерінің ақ тілектерін білдірді.

Сарбаздар Алматы қаласы және Алматы облысынан шақырылған болатын. Әскери қызметшілердің ант қабылдау рәсіміне куәгер болуға шалғайдағы ата-аналары мен туған туысқандары келді.

- Бұл біздің отбасымыз үшін өте ерекше күн, себебі біздің ұлымыз кішкентай кезінен бері әскер қатарына барам деп айтып жүретін, енді міне арманы орындалды. Балама тек қана өз әскери борышын абыроймен өткізуді тілеймін, - деді жас сарбаз, қатардағы жауынгер Елдос Темірханның анасы Роза Құлманова .

99116 әскери бөлімінің командирі подполковник Ринат Калиевтің айтуынша, ант қабылдау рәсімі ерекше әскери салттардың бірі болып саналады, бұл сәт әскери қызметшілерді Отанын сүюге және туған жердің патриоты болуға ынталандырады.

Ант қабылдау рәсімінен кейін, сарбаздарды алыстан келген ата-ана, туған-туыстарымен бірге сейілге жіберді, енді олар тек бір жылдан соң ғана қауышатын болады.

Әскер қатарына ата-бабаларымыздың жауынгерлік рухына сай, олардың абыройын түсірмейтін, Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін, дене даярлығы мықты, білімді, өр мінезді сарбаздар ғана шақырылуда.

Гүлайым Шынтемірқызы,

"Егемен Қазақстан" 

Маңғыстау облысы